Жұмыспен қамту
Трансұлттық корпорациялар, старт-аптар және консалтингтік компаниялар
Бағдарлама түлектері корпоративтік бухгалтерлер, басқару есебі бойынша бухгалтерлер мен аналитиктер ретінде өз мансаптарын жалғастыра алады. Олар, сондай-ақ компанияның ақша қаражаттарын бақылау мен басқару, бюджеттер мен болжамдарды дайындау, қаржылық есептіліктерді дайындау бойынша терең білім мен дағдыға ие. Бағдарламаның түлектері ішкі және сыртқы аудит саласында да жұмыс істей алады.
Ғылыми-зерттеу институттары, мемлекеттік мекемелер мен халықаралық ұйымдар
Бітіруші түлектер бухгалтерлік есеп пен кәсіпкерлік, қаржылық есеп пен аудит салаларында зор тәжірибеге ие, олар өздерінің пәнаралық білімдерін бүкіл әлем бойынша бірыңғай есепке алу регламенттерін жасау үшін стандарттарды әзірлеу және зерттеу саласында қолдана алады.
Кәсіпкерлік
Халықаралық есеп бағдарламасы студенттерді әртүрлі салалар мен индустрияларда жұмыс жасауға дайындайды, сондай-ақ өз бизнесін бастауға көмектеседі. Студенттер Бизнес инкубатордың қызметіне, старт-аптарды қолдау қызметіне белсене қатысады, бұл өз кезегінде тәжірибелі кәсіпкерлердің басшылығымен өз компаниясын ашуға мүмкіндік береді.
Ковентридегі төртінші оқу жылында бітіруші курс студенттері дипломдық жобаны жазып, оны онлайн форматта қорғауы керек. Бітіру дипломдық жұмысы үшін студенттер алған білімдерін практикада қолданудың бірнеше нұсқаларын таңдай алады: